ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3,7 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ 736 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

Түркістан облысында 2019 жылы кәсіпкерлер тарапынан бизнестің құқықтарын қорғау бойынша 560 өтініш келіп түскен. Оның 418-і оң шешімін тапқан. Нәтижесінде кәсіпкерлердің 10 млрд. тенгеден аса соммасында мүліктік құқықтары қорғалды. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Әбсаттаров Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында баспасөз жиынында мәлімдеді.
«Оның айтуынша, өтініштердің басым бөлігі жер мәселесіне, несиелендіру және мемлекеттік сатып алу сұрақтарына қатысты. Оның ішінде, уәкілетті органдардың заңсыз тексерулер жүргізу аясында, лауазымды тұлғалардың 6 әкімшілік, 8 тәртіптік жазаға тартылды», – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры.
Сондай-ақ, басқосуда өткен жылы 16 142 жұмыссыз азаматтарға және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 20 181 қызмет көрсетілгені белгілі болды. Бүгінге дейін 3,7 млрд. теңгеге тең 736 жоба қаржыландырылған. Қосымша жалпы құны 1,16 млрд. теңге болатын 84 жоба қаралуда. Одан бөлек, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында 12 579 адам оқытылды. Оның 7 933-і грант иегері атанып, жұмыссыз халықтың 24% жұмыспен қамтылған.
Айта кетейік, кәсіпкерлер палатасы «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде жалпы соммасы 61 442,7 млн. теңге болатын 316 жоба сүйемелдеуде. Оның ішінде құны 14,5 млрд. теңгені құрайтын 83 жоба қаржы институттары мен банктерде қаралуда.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.