ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4400-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ТАПСЫРЫЛҒАН

Түркістан облысында тұрғын үйлер құрылысына ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 3,5 млрд. теңге, ал облыстық бюджеттен 7,3 млрд. теңге қарастырылып, 63 көпқабатты арендалық тұрғын үйлердің (3353 пәтер, 229,1 мың ш.м.) құрылысы жүргізілетін болады.

Атап айтқанда, облыс орталығы Түркістан қаласында – 20 үй (1200 пәтер, 78,3 мың ш.м.); Кентау қаласында –15 үй (900 пәтер, 60,0 мың ш.м.); Сарыағаш ауданында – 13 үй (585 пәтер, 45,7 мың ш.м.); Түлкібас ауданында – 7 үй (376 пәтер, 22,7 мың ш.м.); Арыс қаласында – 3 үй (108 пәтер, 5,9 мың ш.м.); Жетісай ауданында – 2 үй (80 пәтер, 6,1 мың ш.м.); Шардара ауданында – 2 үй (80 пәтер, 6,9 мың ш.м.); Отырар ауданында – 1 үй (24 пәтер, 3,5 мың ш.м.)

Айта кетерлігі, республикалық және облыстық бюджет есебінен жыл қорытындысы бойынша 47 үй (2489 пәтер, 170,8 мың ш.м.) пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Бұдан өзге,  «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша өткен жылдың басында 13 аудан, қала әкімдіктеріне 31 екіқабатты (330 пәтер, 13,9 мың ш.м.) тұрғын үйге облыстық бюджеттен қаржы қарастырылған. Бүгінгі таңда 12 (124 пәтер) тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Қалған аудан, қала әкімдіктеріндегі 19 үй (190 пәтер) 2019 жылдың 1-жарты жылдығында пайдалануға тапсырылады.

Сондай-ақ,          өткен жылы Түркістан қаласында «ӘКК Түркістан» АҚ-ы және жеке салушы арқылы 6 көпқабатты тұрғын үйдің (336 пәтер, 26,1 мың ш.м.) құрылысы басталған болатын. 2019 жылдың 3-тоқсанында аталған нысандар толық пайдалануға тапсырылып, барлық пәтерлер «7-20-25» бағдарламасы арқылы халыққа ұсынылады.

Сонымен қатар, Түркістан қаласы, Отырар мөлтекауданында «Түркістан – жаңа қала» тұрғын үй кешендеріндегі аумағы 38 гектар жер телімінде  88 (2724 пәтер, 196,3 мың ш.м.) көпқабатты тұрғын үй бой көтереді. Ағымдағы жылы 44 тұрғын үй (1362 пәтер, 98,2 мың ш.м.) пайдалануға тапсырылып, барлық пәтерлер «7-20-25» бағдарламасы арқылы берілетін болады.

Жалпы алғанда Түркістан облысы бойынша 2019 жылы 4377 пәтер ел игілігіне тапсырылатын болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.