ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен, Түркістан облысындағы әлеуметтік осал топтағы балалардың барлығы компьютермен қамтамасыз етіледі. Жалпы өңірдегі 910 мектепте 500 мыңға жуық оқушы білім алуда. Олардың ішінде 49 261 әлеуметтік осал топ санатындағы, яғни, ерекше білім беруді қажет ететін, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар мен кедейлік шегінен төмен отбасы балалары.

 

Аймақ басшысының төрағалығымен өткен Түркістан облысы әкімдігі аппаратының мәжілісінде облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаевтың баяндама жасап, білім беру саласындағы шешуді қажет ететін мәселелерді ортаға салды. Өңірдегі 838 елді мекеннің 705-де интернет, ұялы байланыс жүйелері бар. Ал, интернетсіз не ұялы байланыс қызметі нашар, 2G деңгейдегі интернеті бар ауылдарда оқушылар дәстүрлі түрде білім алуы мүмкін. Мәселенің шешімі өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты.

 

«Бірінші кезекте, біз осы балаларды компьютерлік техникалармен қажеттілігіне қарай толық қамтылады. Ол үшін, Басқарма тарапынан тиісті санаттағы оқушыларды компьютерлік техникалармен қамтудың «Бір отбасыға – бір компьютерлік техника» принципіндегі алгоритмі әзірленеді»,-деді баяндама жасаған басқарма басшысы.

 

Жаңа оқу жылындағы негізгі басымдық — білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру. Білім алу цифрлық Onlinе-mektep, Daryn-Onlinе платформалар арқылы жүргізіледі және мұғалімдер сабақты үй жағдайында тек компьютермен жұмыс істейді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.