ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 6 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТҚА 42500 ТЕҢГЕ ТӨЛЕМ ТАҒАЙЫНДАЛҒАН
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29-наурыздағы №114 бұйрығына сәйкес, бүгінгі таңда мемлекеттік сақтандыру қорынан төтенше жағдайға байланысты жұмысын жоғалтқан азаматтарға әлеуметтік төлем қарастырылған болатын.
Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның айтуынша, бұл төлемге шағын және орта кәсіп субьектілері, дара жұмыс істейтін азаматтар мен бірыңғай жиынтық төлем төлеуші азаматтар қол жеткізе алады. Қазіргі таңда барлық аудан, қалаларда жұмыс штабтары құрылған. Азаматтардан түскен өтініштер штабта қаралып, төлемге ұсынылады. Электронды мемлекеттік порталы арқылы да өтініш жасауға болады.
Айта кетерлігі, бірыңғай жиынтық төлем төлеуші азаматтар бұған дейін 1 жыл ішінде 3 төлем жасауы қажет болса, қазір 1 айға кеміді. Демек, бірыңғай жиынтық төлемді төлеп, рәсімдеп, 42500 теңгені алуға болады. Қазіргі таңда Түркістан облысында 6 мыңға жуық азаматтың өтініш мақұлданған.