ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 840-ҚА ЖУЫҚ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ

   Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияға қарсы кезең-кезеңімен вакцинациялау 2021 жылдың 1 ақпанында басталды. 1-8 ақпан аралығында Түркістан облысында 840-қа жуық медицина қызметкері Covid-19-ға қарсы екпе салдырды.  

      Соңғы бір тәулік ішінде Түркістан облысы бойынша  коронавирус инфекциясын жұқтырудың 7 жағдайы расталды. COVID-19 инфекциясының күнделікті өсу деңгейі 0,16% төңірегінде. Пандемия басталғалы бері өңірде 4176 жағдайы тіркелді.  Оның 2682-сі симптомсыз болып, 1 671-і стационарлық ем қабылдады.

      Бүгінгі күні КВИ-ға қарсы вакцинация Ресейде шығарылатын Sputnik V вакцинасының көмегімен жүзеге асырылады.

Коронавирустық вакцинаны екі кезеңмен 21 күн аралығында жасау міндетті. Оған себеп,  бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқамерзімді қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншінің әсерін күшейтеді және адам ағзасындағы антиденелердің мөлшері артады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда вакцинация ерікті түрде салынады. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық процедура, оның ішінде вакцинацияланған адамның саналы келісімімен ғана жүзеге асырылады.

Елімізде егуден бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жоқ.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.