ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 970 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЕКПЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Түркістан облысында соңғы тәулікте 31 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,20% құрайды. Жалпы облыста пандемия белең алғалы 1 088 296 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар. Оның 626–і бос. Жалпы, пандемия басталғалы инфекциясы расталған 15 084 жағдай тіркелді. Олардың 7588-де ауру симптомсыз өткен болатын.
Түркістан облысы «жасыл аймақта» тұр. Түркістан облысында 972709 адам екпе қабылдады. Өңірде өз еркімен соңғы тәулікте 327 адам вакцина қабылдаған. Облыста екінші компонентпен 876999 адам вакцина алды.
Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac, CoronoVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.