ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЕРТЕ АНЫҚТАУ МАҚСАТЫНДА ҮШІНШІ ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

«Облыстық фтизиопульмонология орталығында» COVID-19 инфекциясын ерте анықтау мақсатында вирусологиялық зертхана ашылды. Зертхана соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталған.

Германияда өндірілген Xpert, БАК-ТЕК, БИОНЕР, Хайн-тест аппараттарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып коронавирус індетін анықтауға болады. Зертханаға өңірдегі ауруханалардан алынған сынамалар жолданады. Сонымен қатар ауруханаға түскен науқастар да бірден коронавирус инфекциясына тексеруден өткізілуде. Зертхана мамандары бұл әдісті жақсы меңгеріп, халыққа көрсетілетін  медициналық қызмет сапасын арттыруға өз үлестерін қосуда.

Туберкулез ауруына шалдыққан науқастар емделетін бұл ауруханада алдағы уақытта сондай-ақ 16 төсек орынға арналған пульмонологиялық бөлімше ашу жоспарлануда. Айта кетерлегі, емдеу мемесінде «Дезинфекциялау өткелі» орнатылған және күнделікті науқастар мен барлық қызметкерлердің  дене қызуы тексеріліп отырады. Дәрігерлер тіпті онлайн режимде де диагностикалық кеңес беруді қолға алған.

Бұл Түркістан облысында ашылған үшінші вирусологиялық зертхана болып отыр. Зертханалар қауіпті індет вирусын анықтауға қажетті медициналық мақсаттағы бұйымдар, қызметкерлердің жеке қорғаныш киімдері және залалсыздандыру мақсатында қолданылатын антисептиктермен толық қамтамасыз етілген.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.