Түркістан облысында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті
Бүгін жалпыреспублика аумағында ұйымдастырылған «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясына Түркістан облысының 200-ден аса тұрғыны қатысып, заң аясында толғантқан сауалдарына нақты жауаптар алды.
«Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мен тегін заң көмегін көрсету мақсатында ұйымдастырылған науқанда өңір тұрғындары еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден қажетті кеңес алуға мүмкіндік алды.
Олардың қатарында белгілі адвокаттар, нотариустар, тергеушілер, сот орындаушылар, мемлекеттік орган басшылары мен өкілдері бар», — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Е.Жүнісов.
Айта кетейік, тұрғындардың талап-тілегі мен өзекті сауалдарын қанағаттандыруды көздеген бүгінгі айтулы шараны ұйымдастырушылар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы мен «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары мен Қазақстанның үздік заңгерлері, сондай-ақ адвокаттары екенін атап өткен жөн.
2016-2022 жылдар аралығында 7000-нан астам үздік сарапшылар мен мемлекеттік органдарынан тегін көмек алған халықтың сұранысы негізінде аталған науқан жыл сайын игі дәстүрге айналып, күні бүгінге дейін 150 мыңнан астам ел азаматтары тегін құқықтық кеңестер алды.