ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙДІ

Аймақтағы коронавирус  инфекциясының екінші толқынына дайындық жұмыстарының барысы, партияішілік праймериздің  нәтижелері, тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеуге әсері мен Түркістан қаласының айналасында құрылған «Жасыл белдеудің» жұмыстарының барысы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте ортаға салынды.

Аппарат отырысында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев партия ішілік праймериздің қоғамнан қызу қолдау тапқанын баяндады. Іріктеуге 1074 адам түскен. 1-4 қазан аралығында өткен дауыс беруге 78 262 партия мүшесі қатысады деп жоспарланып, олар 245 бастауыш партия ұйымдарына бекітілген. Облыстың аудан, қалаларында ашылған 209 дауыс беру орындарында карантин тараптары қатаң сақталды.

Түркістан облысында коронавирустың екінші толқынына дайындық күшейді. Індет қайта белең алған жағдайда дәрі тапшылығы болмас үшін екі айлық қор жиналып, облыс ауруханалары тыныс алу аппараттарымен қамтылуда. Қосымша төсек-орындар қажет болған жағдайда оның санын 5,5 мыңға дейін жеткізіледі. Облыс басшысының тапсырмасымен аудандық ауруханалар компьютерлік томографпен, ПТР зертханаларымен және цифрлық рентгендермен жабдықталды. Өкпені жасанды желдету аппараттары мен оттегі концентраттары да әр аудандағы емдеу мекемелеріне таратылған. 12 жылжымалы медициналық кешен аудандарға жеткізілуде. Науқастарды дер кезінде анықтап, қызмет көрсету мақсатында арнайы учаскелер мен мобильді топтар құрылған. Түркістан облысы Полиция департаменті өңірдің Бас санитарлық дәрігерінің облыста қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу қаулысына сәйкес күшейтілген түрде жұмыстар атқаруда.

Түркістан облысы бойынша ауыл шаруашылығы – жалпы өңірлік өнімнің 20% құрайтын облыстың басымды саласы. Өндірілетін жергілікті көкөніс, бақша, жеміс-жидек, ет, сүт өнімдерімен облыс тұрғындары артығымен қамтамасыз етіледі. Ал құс еті және жұмыртқамен қамтамасыз ету көлемі орташа 35 % құрайды. Халыққа жергілікті өнімдердің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу бойынша тиісті шаралар атқарылуда.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.