ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫ» ӨТТІ
Түркістан облысында 200-ден астам жас ашық аспан астында өткен дәстүрлі ойындар сайысында бас қосты. Төлеби ауданында өткен сайысқа 14 және 29 жас аралығындағы жастар қатысып, аударыспақ, жамбы ату, асық ату, қазақша күрес, қошқар көтеру, тоғызқұмалақ пен арқан тартыстан бақ сынады.
Төлеби ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жастар арасында насихаттау, қазақ халқының ұлттық ойындарына жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында Түркістан облысының аудан, қала жастары арасында «Көшпенділер ойыны» атты облыстық сайыс өтті. Киіз үйде арнайы жайылған дастарханға әжелер кеңесінің мәзірі қойылған. Келген қонақтарға қазақтың ұлттық тағамын дәріптеп, оны дайындау әдістері түсіндірілді.
Дүбірлі додада командалық есеп бойынша озып шығып, 500 мың теңге қаржылай сыйлыққа ие болған Төлеби ауданына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сакен Қалқаманов медаль тағып, кубок ұсынды. Спорттың жекелеген түрлері бойынша жеңімпаз атанғандарды Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев, Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаев, Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев құттықтап, марапаттарын табыстады. «Көшпенділер ойыны» дәстүрлі түрде өткізілетін болады.
Тартысты сайыстың нәтижелері төмендегідей болды:
І орын Төлеби ауданы (500 мың теңге ақшалай сыйлық, кубок, медаль, диплом)
ІІ орын Бәйдібек ауданы (300 мың теңге ақшалай сыйлық, кубок, медаль, диплом)
ІІІ орын Отырар ауданы (200 мың теңге ақшалай сыйлық, кубок, медаль, диплом) марапатталды.
І орын Төлеби ауданы (50 мың теңге ақшалай сыйлық, кубок, медаль, диплом)
ІІ орын Арыс қаласы (медаль, диплом)
ІІІ орын Түлкібас ауданы (медаль, диплом) марапатталды.
І орын Төлеби ауданы (50 мың теңге ақшалай сыйлық, кубок, медаль, диплом)
ІІ орын Қазығұрт ауданы (медаль, диплом)
ІІІ орын Отырар ауданы (медаль, диплом) марапатталды.
І орын Отырар ауданы (50 мың теңге ақшалай сыйлық, кубок, медаль, диплом)
ІІ орын Төлеби ауданы (медаль, диплом)
ІІІ орын Бәйдібек ауданы (медаль, диплом) марапатталды.
І орын Бәйдібек ауданы (50 мың теңге ақшалай сыйлық, кубок, медаль, диплом)
ІІ орын Келес ауданы (медаль, диплом)
ІІІ орын Түлкібас ауданы (медаль, диплом) марапатталды.
І орын Бәйдібек ауданы (50 мың теңге ақшалай сыйлық, кубок, медаль, диплом)
ІІ орын Сарыағаш ауданы (медаль, диплом)
ІІІ орын Отырар ауданы (медаль, диплом)
ІІІ орын Төлеби ауданы (медаль, диплом) марапатталды.