ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ОҚЫТАТЫН ҰСТАЗДАР 100 ПАЙЫЗ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛҒАН
Түркістан облысында жалпы білім беретін мектептер жаңа оқу жылында қашықтан оқыту жүйесімен жұмыс істейді. Қазіргі таңда осыған байланысты тиісті жұмыстар атқарылуда. Бүгін бұл туралы облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек ЖОЛАЕВ Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Оның сөзінше, жалпы 910 мектептің 164-і штаттық режимде жұмыс істейтін болады. Оның 34-і интернеті жоқ ауылда орналасқан білім ұялары.
«Ата-аналардың өтініштерімен бастауыш сыныптарға арналған кезекші топтар құрылады. Мұндай топтар қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып сабақ өтетін болады. Атап айтқанда, мектеп кіре берісі дезинфекциялық кілемше, тепловизорлар, санитайзерлер, ылғалды, дезинфекциялық тазалауды құралдарымен қамтылады. Қазіргі таңда 365 мектепте ата-аналардың өтінішімен 2356 кезекші топ ашу жоспарлануда. Кезекші топ ұстаздарына көмекші ретінде педагогикалық жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жоғары курс студенттерін келісімдері бойынша практикаға тарту жұмыстары жүргізілуде», – деді Р.Қуатбекұлы.
Қазіргі таңда 231 489 (46,3%) оқушы компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген. Оның 2 662 (5,12%) аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар. Жалпы 107138 оқушының компьютері жоқ. Оның 49 261-і аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар. Осы мәселені шешу мақсатында республикалық және жергілікті бюджет есебінен 22213 планшет пен компьютер беріледі. Сонымен қатар, «Мектепке жол» акциясы» және демеушілер есебінен 13976 қосымша құрылғылар табысталады.
Жалпы өңірде үй жағдайында интернетке қол жеткізе алмайтын оқушылар саны 132427 (26,5%) құрайды. Интернетпен қамту мәселесін шешу үшін жергілікті бюджет есебінен роутер сатып алу жоспарлануда. Ұстаздардың барлығы 100 пайыз компьютерлермен қамтылған. Ал, 564 (1%) интернеті жоқ.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін білім беру ұйымдары Online-mektep интернет-платформаларына 784 мектеп, Daryn – online-126 мектеп қосылды.
Педагогтарға ыңғайлы болу үшін Министрлік 600 мыңнан астам сабақты, 100 мыңнан астам дайын жаттығулар мен тестілерді, бастауыш мектептің жетекші педагогтерінен бейне-сабақтарды, бейне анимацияларды және виртуалды зертханаларды алып тастады және порталдарға орналастырды. Сонымен қатар, барлық оқушылар үшін қосымша білім беру ресурсы ретінде «Балапан» және «Ел-арна» телеарналарында теле сабақтар қолжетімді болады. Одан бөлек, оқулық мәселелері де кезең-кезеңімен шешілетін болады.