ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТТІ
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың азаматтық қоғам, дін, этносаралық келісім, жастар, отбасы және БАҚ саласын дамытуға қатысты қойған міндеттерін іске асыру мақсатында өңірлерде «Министрлік күндерін» ұйымдастыруда. Осыған орай, бүгін Түркістан облысында онлайн форматта семинар болып өтті. Оған облыстық басқармалардың баспасөз хатшылары, аудан мен қала әкімдіктерінің бөлім басшылары, жергілік БАҚ өкілдері мен жастар орталықтарының мамандары, үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты. Семинарлар «Министрлік күндері» аясында ақпарат, дін, жастар мен отбасы, этносаралық қатынастар тақырыптарына арналды. Zoom платформасында өткен кездесуде әр сала бойынша білікті спикерлер баяндама жасады.
Атап айтқанда, семинарға қатысушыларға дін, жастар және отбасы саясаты саласындағы өзекті мәселелер, этносаралық қатынастар, қандастарды бейімдеу және интеграциялау, журналистерді аккредиттеудің жаңа қағидалары, ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету және оны бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру тақырыптары бойынша түрлі салада 12 семинар өтті.