ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨТКЕН ЖЫЛЫ 238 ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖАҢАРТЫЛҒАН
Түркістан облысында өткен жылы 238 қоғамдық көлік жаңартылған. Оның 66-сы 2018-2019 жылғы шыққан жаңа автобустар саналады. Сондай-ақ, өткен жылы облыс орталығы – Түркістан қаласында 26 жаңа автобус сатып алынды. Ал, жалпы алғанда облысымызда жолаушылар тасымалдаушы 44 мекеме мен 1300 көлік қызмет көрсетеді.
Бұдан бөлек, әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялау жұмыстары да ойдағыдай жүзеге асуда. Айталық, 2019 жылы 7 аудан әкімдігі тарапынан (Сарыағаш, Түлкібас, Отырар, Кентау, Төлеби, Қазығұрт, Шардара) 17 әлеуметтік маңызды бағыттарға 55,2 млн. теңге субсидия бөлінген.
Сонымен қатар, облыста 83 әлеуметтік маңызды бағыттар анықталып, облыстық мәслихатпен айқындалып отыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде 2019 жылы ауданаралық, облысаралық бағыттарға 3 конкурс өткізіліп, 8 тасымалдаушымен 18 бағытқа келісімшарттар түзілген.