ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ НӘТИЖЕСІНДЕ 372 МЛН ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛДІ
Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысын баспасөз мәслихатында жариялады.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында облыс көлемінде жыл басынан бері 50 мыңға жуық адамды қамтыған 460-тан аса түрлі бағытта іс — шаралар өтті.
Негізінен, бұл шаралар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен іске асырылған Жобалар шеңберінде өткізіліп келеді, — деп атап өтті Мирас Асқарбайұлы.
Брифинг барысында сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге және оның алдын алу тиімділігін арттыруға бағытталған тың бастамалар Департаменттің жанынан құрылған «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің негізінде іске асып, қазіргі таңда киелі өңірде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ететін бірқатар жобалар жүйелі жұмыс жасап жатқандығы айтылды.
Сонымен қатар, бүгінгі күні ел аумағында енгізілген карантин режиміне қарамастан, Агенттіктің бастамасымен қолға алынған «Antikor.Live» жобасы аясында жыл басынан бері өткізілген 64 тікелей эфир 85 мыңнан аса қаралымды және тегін ақпараттық, құқықтық кеңес беретін «Адал көмек» жобасы аясында өткізілген 278 тікелей эфир 127 мыңнан аса қаралымды жинап, бұл аталмыш қос жоба арқылы облысқа қарасты барлық қала/аудан тұрғындары әр күн сайын онлайн форматта ақпарат алуға және түйткілді сауалдары бойынша сала маманынан нақты жауап алуға мүмкіндік алып отырғандығы атап өтілді.
Сондай-ақ, баспасөз жиынында соңғы 6 айдан бері өңір тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында облысқа қарасты 56 мекеме «Open Space» үлгісінде және 69 фронт кеңсе мен 4 Халықтық кеңсе облыс азаматтары үшін бүгінде ашық форматта жұмыс жүргізіп жатқандығы жеткізілді.
Баспасөз конференциясы барысында Түркістан облысы бойынша департаментімен «Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы сатып алу саласына жүргізілген мониторингтік жұмыстардың нәтижесінде, 2020 жылдың соңғы 6 ай ішінде жалпы соммасы 372 млн. теңгеге жуық бюджет қаражаты үнемделгені атап өтіліп, жүргізілген талдау нәтижелерімен 41 ұсыныс енгізіліп, 15 ұсыныс орындалу үстінде екендігі атап өтілді.
Брифинг соңында М.Қарғабай елімізде етек алған пандемия кезінде сыбайлас жемқорлық деректерінің алдын алу мақсатында «Түркістан — адалдық алаңы» Жобалық кеңсесі дәрі-дәрмек құнының негізсіз көтерілу деректерінің болдырмау бойынша тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізуді бастағанын өңір жұртшылығына хабарлап, дәріханаларда дәрі-дәрмектердің қымбат бағада сатылып жатқандығына куә болған жағдай да, 8 776 837 09 00, 8 702 000 24 94 байланыс нөмірлері арқылы қоңырау шалуға немесе дәріхана атауы мен мекен-жайын жазып қалдыруға, сондай-ақ бейнематериалдар жіберуге болатындығын жеткізді.