ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ НӘТИЖЕСІНДЕ 822 МЛН. ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛДІ
Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысын баспасөз мәслихатында жариялады.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында облыс көлемінде жыл басынан бері 700 мыңға жуық адамды қамтыған жалпы саны 1337 түрлі бағытта іс — шаралар өтті. Негізінен, бұл шаралар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен іске асырылған Жобалар шеңберінде өткізіліп келеді, — деп атап өтті Мирас Асқарбайұлы.
Брифинг барысындf ел аумағында орын алған карантин режиміне қарамастан, Агенттіктің бастамасымен қолға алынған «Antikor.Live» жобасы аясында жыл басынан бері өткізілген 209 тікелей эфир 88 мыңнан аса және тегін ақпараттық, құқықтық кеңес беретін «Адал көмек» жобасы аясында өткізілген 447 тікелей эфир 270 мыңнан аса қаралымды жинап, бұл аталмыш жобалар арқылы облысқа қарасты барлық қала/аудан тұрғындары әр күн сайын онлайн форматта ақпарат алуға және түйткілді сауалдары бойынша сала маманынан нақты жауап алуға мүмкіндік алып отырғандығы атап өтілді.
Cонымен қатар, Түркістан облысы бойынша департаментімен «Мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы сатып алу саласына жүргізілген мониторингтік жұмыстардың нәтижесінде, 2020 жылдың соңғы 9 ай ішінде жалпы соммасы 822 млн. теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделгені хабарланып, жыл басынан бері 9 мекеменің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелерімен 73 ұсыныс енгізілгендігі, оның 58-і орындалып, 15-і орындалу үстінде екендігі айтылды.