ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ БОЙЫНША АЛҚАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында «Цифрландыру — бұл сән үрдісін ұстану емес, ұлттық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізудің негізгі құралы. Ең алдымен, цифрлық теңсіздікті жою, интернетке барынша қол жеткізуді және барлық азаматтардың сапалы байланысын қамтамасыз ету міндеті тұр. Бүгінде бұл жол мен электр энергиясы сияқты негізгі қажеттілік» деп цифрландырудың мемлекет саясатындағы басым бағыттарының бірі екендігін тілге тиек еткен еді.
Осыған орай, бүгін Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Рафаэль Гасановтың төрағалығымен және ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Айдос Жұмабектің қатысуымен Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасында алқалы жиын өтті.
Кездесуге Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай, облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев қатысып, Түркістан облысындағы цифрландыру сапасын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды ортаға салды.
Жиын барысында Р.Гасанов сөз алып, цифрлық жүйеге көшу – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауын болдырмауға тікелей ықпал ететін тиімді тетік екендігін баяндап, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға көшірудің маңыздылығын айрықша атап өтті.
Сондай-ақ, Агенттік Төрағасының бастамасымен барлық білім беру ұйымдарына бөлінген бюджеттің ашықтығы бойынша нақты шаралар жүргізіліп жатқанын алға тартып, цифрландыру сапасын арттыру – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екендігін жеткізді.
Түркістан өңіріндегі интернет ресурстардың қолжетімділігі мен сапа деңгейі кең көлемде талқыланған кездесуде басқарма басшысы киелі өңірдегі цифрлық қызметтің сапасын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтіп, пандемия індеті еліміздегі цифрландыру жүйесін жүйелі жолға қою қажеттігін туғызып отырғанын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.