ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ МЕКЕМЕ КІРЕБЕРІСТЕРІНЕ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ӨТКЕЛДЕРІ ОРНАТЫЛУДА

Түркістан облысындағы Түлкібас,Жетісай аудандары мен Кентау қаласында халық көп жиналатын орындарда және ауруханалардың аумағында дезинфекциялық кешендер орнатылуда. Бұл бүркеу қондырғыларының тиімділігі мол. Яғни, кез келген келуші ғимаратқа кірместен бұрын, осы тоннель арқылы өткізілетін болады. Айталық дәл осындай қондырғылар Түлкібас ауданындағы 10 мекеменің кіреберісіне осыдан екі апта бұрын орнатылған болатын. Яғни, «ҚазПошта»,» Халық банкі», халықтық кеңсе, аудан әкімдігі, аудандық емхана, халықты жұмыспен қамту орталығы, аудандық полиция бөлімі ғимараттарында және Шақпақ бекетінде жұмыс істеп тұр. Аталған залалсыздандыру қондырғыларын аудан әкімдігінің қолдауымен жергілікті мамандар қолдан құрастырып шыққан. Залалсыздандыру өткелі үйшік тәріздес, ішінен адам өтуге ыңғайластырылған. Адам өткен кезде арнайы дайындалған залалсыздандыру сұйықтығы бүрку арқылы автоматты түрде 8 секунд шашылып, барлық қатерлі микробты өлтіре алады. Осындай кешендер алдағы уақытта басқа да аудан- қалалардағы медициналық мекемелер мен адамдар көп жиналатын орындарға қойылатын болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.