ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫСТА 9 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСШЫ ЖҰМЫЛДЫРЫЛҒАН

Мақтаарал ауданында төтенше жағдайдың салдарын жою жұмыстары тынымсыз жүргізілуде. Жаңа ықшам ауданда 115 үйдің құрылысы толық аяқталды. Жалпы 386 үйдің іргетасы қаланып, қабырғасы қаланған. Басым бөлігінің шатыры жабылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Осы және өзге де маңызды мәселелер облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен апталық лездемеде ортаға салынды. Мақтаарал ауданындағы құрылыс барысы туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпалиев өз баяндама жасады.

 

«Жалпы Түркістан облысы бойынша құрылыста 9000-нан астам, ал Түркістан қаласында 4 мыңнан астам жұмысшылар жұмылдырылған. Барлық құрылыс нысандарында елдегі карантин талаптары қатаң сақталуда. Жұмысшылар тиісті сақтық шараларын қатаң ұстанып жұмыс істеуде. Түркістан қаласында құрылысы тоқтаған нысандар жоқ»,-деді басқарма басшысы.

 

Мақтаарал аудандағы құрылыс алаңында 29 мердігер мекеме, 1400 жұмысшы мен 87 арнайы техника құрылыс — монтаж жұмыстарына жұмылдырылған. Мырзакенттегі жаңа тұрғын ауданда 1200 орындық мектеп, 280 орындық балабақша және дірігерлік амбулатория мен полициялық участок құрылысы жүруде. Сондай-ақ, Фердауси ауылынан дәрігерлік амбулатория мен полиция бекеті, Өргебас ауылынан фельдшерлік-акушерлік пункт пен полициялық бекет салынып жатыр.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.