ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ ЕСЕБІН ТЫҢДАДЫ

Облыс басшысы Мақтаарал, Жетісай және Келес аудандарының әкімдерін қабылдап, жыл қорытындысымен танысты. 2019 жылы атқарылған жұмыс барысын саралаған аудан басшылары шешімін күткен мәселелері мен ұсыныстарын ортаға салды. Түркістан облысының әкімі халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша, елдімекендерге жол салу, газ тарту және электр жарығы мен ауызсумен қамту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар міндеттеді. Сондай-ақ, Өмірзақ Естайұлы аудан басшыларына халықты баспанамен қамтамасыз етуді жүктеді. Ол үшін банктер тарапынан ұсынылатын шарттарды зерделеп, жан-жақты жолын қарастыруды тапсырды.

Кездесу соңында Өмірзақ Естайұлы Мақтаарал, Жетісай және Келес аудандарынан келген тұрғындарды қабылдап, олардың арыз-шағымын тыңдады. Жеке бастарына қатысты мәселелерін көтерген тұрғындар, ауыл шаруашылығы саласы мен кәсіпкерлікке қатысты және мектеп салу мен жастардың демалатын орындарын көбейтуге ықпал жасауды сұрап келді. Жетісай ауданынан келген жастар облыс әкімінің атынан спорттық турнир өткізуді ұсынды. Облыс әкімінің қабылдауына келген ауыл тұрғындарының ұсыныс-шағымдарына қатысты Өмірзақ Шөкеев жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырма берді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.