ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ COVID-19 ЖАҒДАЙЫН МҰҚИЯТ БАҚЫЛАП ОТЫР
Түркістан облысында өңірдегі медициналық ұйымдардың, оның ішінде аудандық және облыстық ауруханалардың, медициналық колледждердің, қоғамдық денсаулық басқармасы, РЭДО және ФОМС өкілдерінің қатысуымен алқа отырысы өтті. Кездесуде облыстық ахуалдық орталық өкілдері эпидемиологиялық жағдай және пандемия басталғаннан бері өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.
Ахуалдық орталықтың басшысы М. Халилаев 2020 жылдан бастап, осы күнге дейінгі «коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық ахуал» жайында талдау жасады. Сондай-ақ, талдау есептері, жиналған деректердің сараптамасы, қорытындылар мен ұсыныстар айтылды. Отырысқа қатысушылар коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес бойынша іс-шараларды өткізу барысын талқылады.
Айта кетейік, ахуалдық орталық облыстық қоғамдық денсаулық басқармасынан, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен және басқа да медициналық ұйымдардан келіп түсетін мәліметтерді өңдейді. Бұдан басқа, орталық мамандары коронавирустық инфекция, пневмония, сондай-ақ аудандар мен басқа еліміздің да өңірлеріне қарасты жалпы ауруларі түрлері бойынша бақылау және мониторинг, талдау жүргізеді.