ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДИҚАНДАРЫ ШЕТЕЛГЕ ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН ЭКСПОРТТАП ЖАТЫР

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы А.Қалыбеков ауылдық округінің диқандары ерте пісіп жетілетін қант қызылшасының алғашқы өнімін Ресейге экспорттады. Ауыл диқандары Голландиядан арнайы жеткізілген павло, вадан атты қызылшаның жоғары сұрыптарын қаңтар айында үй іргесіндегі жалпы 25 гектар алқапқа еккен болатын.
Жаңажол ауылының тұрғыны Бектемір Алиқұлов алғашқы болып өзінің үй іргесіндегі 15 сотық жерден 1,5 тонна өнім алып үлгерді. Шаруаның гектарына шаққанда 300 центнерге дейін өнім алуға мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда келісін 180 теңгеден саудалауда. Диқан жоғарыда аталған сорттар дәл осы Жаңажол ауылының топырағында өсіп шыққанда ғана ерекше дәмге ие болатынын, сондықтан мұнда қызылшаға жоғары сұраныс бар екенін жеткізді.
– Қызылша егілетін жер өте құнарлы болуы тиіс. Ол үшін селитра, аммофос, малдың қилары арқылы жер тыңайтылады. Агротехникалық шаралардың басым бөлігі қолдың күшімен істелетіндіктен қызылша егу үшін қажырлы еңбек керек. Үлкен еңбектің соңы – үлкен табысқа алып келеді, – дейді Б.Алиқұлов.
Жалпы округ аумағында шаруалар Рессейге және еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларына өнімдерін жөнелтуде. Қант қызылшасын толық жинап алған соң, диқандар екінші өнімге малазықтық дақылдарды егуді жоспарлап отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.