Түркістан облысының қорғаныс істері Департаментінде жыл қорытындысы шығарылды
Оған қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, басқармалардың және бөлімдердің жеке құрамы қатысты.
Қорытындылау барысында облыстың жергілікті әскери басқару органдарының барлық бағыттары бойынша қызметіне талдау жүргізілді. Департамент бастығы полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев шақыру науқаны мен жұмылдыру жұмыстарына жеке тоқталды.
— Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдары арқылы жыл сайын Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға 4000-нан астам әскерге шақырылушылар шақырылады, сондай-ақ келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасуға және жоғары әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірушілердің үлкен ағымы жүріп жатыр. Бізге әскерге шақыру және медициналық комиссиялардың жұмыс сапасына үлкен жауапкершілік жүктелген, — деп атап өтті департамент бастығы.
Облыстағы қорғаныс істері департаментінің, басқармалары мен бөлімдерінің жеке құрамына орындайтынміндеттердің тиімділігі мен көлеміне, жауынгерлік әзірлік деңгейін сақтауға және болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, қызмет деңгейі мен сапасын арттыруға назар аударылды.
— Жалпы қызметтегіжетістіктері, әскери қызмет пен тәртібіне сәйкес үстіміздегі жылдың қорытындысы бойынша Түркістан және Кентау қалаларының қорғаныс істері жөніндегі басқармалары бірінші және екінші орында, Созақ және Отырар аудандарының қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері үшінші орынды иеленді, — деп аяқтады полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев.
Қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшін департамент бастығы бірқатар әскери қызметшілер мен азаматтық персоналды марапаттап, Қарулы Күштерде «Қуатты армия – Жаңа Қазақстан» ұранымен өтетін жаңа 2023 оқу жылына міндеттер қойды.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі