ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТҰРАСТАЙ БІР ОТБАСЫН ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ

Түркістан облысы, Төлеби ауданында тұтастай бір отбасы газдан уланды. Шақыртуға шұғыл түрде жеткен Түркістан облыстық медициналық жедел-жәрдем қызметкерлері алғашқы көмекті дер кезінде көрсетіп, зардап шеккен жандарды өлім аузынан аман алып қалған. Оқиға орнына медициналық жедел жәрдемнің үш тобы шыққан. Дәрігерлердің айтуынша, ыстан уланған 2 және 3 жасар балалардың жағдайы алғашында тым ауыр болған. Жапа шеккен жеті адам Төлеби аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Қазір олардың өмірлеріне еш қауіп жоқ.

Жалпы, жыл басынан бері облыстық жедел жәрдем қызметінің орталығына 43 мыңға жуық шақырту түскен. Алғашқы медициналық көмектің көмегі көп тиетін азаматтар қатарында жүрек-қан қысымынан зардап шегетін науқастар жиі кездеседі екен.

Облыс бойынша қазір 200-ге жуық медициналық жедел жәрдем тобы қызмет атқаруда. Жедел жәрдем бригадасын шақырғанда аурудың белгілерін толық, нақты, дұрыс айту қажет. Ол медициналық көмек көрсетуді жеңілдетіп, келу уақытын қысқартады.

1-санатқа науқастың жағдайы өмірге тікелей қауіп төндіргенде және дереу медициналық көмекке мұқтаж болған жағдайлар жатады. 2,3 санатқа сәйкес, науқастың медициналық көмексіз өміріне қауіп төнуі ықтимал не денсаулығына зиян келуі мүмкін жағдайда бригаданың келу уақыты 30 минутқа дейін созылуы мүмкін. Науқастың жағдайы өткір немесе созылмалы аурудың шиеленісуіне байланысты болғанда, 4-санаттағы азаматтарға емханалардағы шұғыл медициналық бөлімдер деңгейінде көмек көрсетіледі. 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.