ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕ АҚЫЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ АНЫҚТАМА БЛАНКАСЫНЫҢ БАҒАСЫ РЕТТЕЛМЕГЕН
Ағымдағы жылдың 24 — 26 сәуір аралығында «Жасырын сатып алушы» тәсілімен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен Жетісай аудандық орталық, Асық ата, Атакент, Мырзакент, Мақтарал аудандық емханаларында сондай-ақ,Төлеби аудандық, Ленгір қалалық және Сайрам аудандық орталық емханаларында қоғамдық бақылау жүргізілді.
Нәтижесімен кейбір ұйымдардың кассасында №086/е медициналық тексеруден өту парақшасы (бланка) әр түрлі бағамен сатылып жатқаны анықталды.
Атап көрсетсек, Төлеби аудандық емханасында анықтама бланкасы 1420 теңге, ал Мырзакент емханасында 2400 теңге, сондай-ақ, Жетісай және Сайрам аудандық орталық емханаларында 3000 теңге көлемінде сатылуда.
Осы бағыттағы жұмыстарда орын алған кемшіліктерді қалпына келтіру үшін Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасына №086е үлгісіндегі қағаз түріндегі анықтамаларды түпкілікті жойып, бекітілген стандарттар талаптарына сәйкес, электронды бланкіге көшіру туралы арнайы ұсыныс хат жолданды.
Айта кетейік, осы енгізілген ұсынымдардың орындалуы бойынша пост-бақылау жұмыстары Департамент тарапынан жүйелі түрде жүргізілетін болады.