ТҮРКІСТАН: ӨҢІРДЕГІ ТАУАР БАҒАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының көтерілуін болдырмау және оның алдын-алу шараларын қабылдау мақсатында өңірде арнайы мобильді топ құрылған болатын.
Осыған орай, 26 наурыз күні «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аталған мобильді топ мүшелерімен яғни, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мамандары мен арнайы мониторингтік топ мүшелері «Қуаныш» және «Алтын бұлақ» базарлары мен «Шапағат», «Рахмет» дүкендерін аралап, азық-түлік бағасын бақылау бойынша кезекті мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг жұмыстары барысында аталған сауда орындарының басшылығына елімізде енгізілген төтенше жағдайға орай, тұрғындарға қажетті күнделікті азық-түлік пен өзге де қажетті тауарлар бағасын негізсіз өсірмеу керектігі назарда екені айтылып, бірқатар ұсыныстар берілді.
Айта кетейік, алдағы уақытта да бұл жұмыстар өз жалғасын табатын болады.