ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕГІ ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР ПОЛИГОНЫНА БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ғабит ЖүндібаевтыңЛ қатысуымен Жетісай ауданына қарасты қатты ЛЛтұрмыстық қалдықтар полигонына мониторингтік жұмыстар жүргізілді.

«Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен облыстық Экология департаментінің өкілдері бірлесіп қала/аудандардағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының экологиялық талаптарға сәйкес келуі бойынша жүйелі түрде қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізуде. Осы жұмыстардың жалғасымен кезекті мониторингтік жұмыстар Жетісай ауданында өтті.

Зерделеу жұмыстары барысында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тиесілі Жетісай ауданы, Мақталы ауылдық округінің Тың елді мекенінде орналасқан 2016 жылы эксплуатацияға берілген аумағы 10 гектар, сыйымдылығы 25 мың тоннаны құрайтын қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны экологиялық талаптарға сай келетіні анықталды.

Ескерте кетсек, алдағы уақытта да Департаменттің бастамасымен қала/аудандардағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына кешенді мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Егер сіздердің жоғарыда айтылған мониторинг жұмыстарына айтар ұсыныс, пікірлеріңіз болса жобалық кеңсенің +7776-837-09-00 телефонына хабарласуға болатынын назарларыңызға саламыз.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.