ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНЕ КЕЗЕКТІ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛІП ЖЕТТІ

Бүгін Түркістан облысының дәрілік қоймасы «Шеврон Мунайгаз Инк» компаниясынан келген гуманитарлық көмекпен толықты.

Атап айтсақ, киелі өңірге «Шеврон Мунайгаз Инк» компаниясынан 2100 дана «Парацетамол» мен 2100 дана «»Ибупрофен» дәрілік препараттары жеткізіліп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті қызметкерлері мен «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсе менеджерлерінің зерделеуімен қабылдап алынды.

Алдағы уақытта бүгін жеткізілген гуманитарлық көмектің мемлекеттік емдеу мекемелеріне толыққанды жеткізілу және тасымалдану барысына жергілікті «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері бақылау жұмыстарын жүргізетін болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.