ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ҮМІТКЕРЛЕРІНДЕ ЖОСПАР КӨП
Бүгін «Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалының XLII кезектен тыс конференциясы өтті. Жиынның күн тәртібінде сәйкес аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын бекітілді. Бірауыздан қолдауға ие болған бағдарламада негізінен экономикалық, әлеуметтік, мәдениет және инфрақұрылым салаларына қатысты 7 бағыт қамтылған. Яғни, онда ауданның өзекті мәселелерін шешу арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жан-жақты факторлары көрсетілген.
Сондай-ақ жиын барысында облыстық партиялық тізімге ұсынылатын кандиттар арасында пікірсайыс өтті. Олардың қатарында Хадиша Қылышбаева Әуесқызы және Роза Шонабаева Нұсқабайқызы бар. Олар пікірсайыс барысында ауданның өзіндік ерекшеліктері мен әлеуетіне қарай туризм, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық, әлеуметтік, білім, денсаулық салаларын дамытудың тиімді тұстарына байланысты ұсыныстарын айтты.
Конференцияға қатысқан 47 делегат дауыс беру арқылы пікірсайысқа түскен 4 кандидаттың ішінен Н.Сейітжанов пен Г.Құрманбекованың сайлауалды бағдарламаларын ұтымды ұсыныс деп тапты.
Сондай-ақ конференцияда Түркістан облыстық партия филиалының кезектен тыс конференциясына қатысатын делегаттар сайланды.