ТҮРКІСТАН: ПАЙЫМ-ПАРАСАТЫ БИІК ТҰЛҒА — ХАЛҚЫНА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ
Парасаттылық — адам өмірінде мәдениеттілік пен көрегенділік сипатына ие құнды қасиет. Адамның көңілі таза, пейілі кең, шыншыл болғанда ғана қоғамда әділдік пен адалдық орнайды.
Осыған орай, бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған ақпараттық — ағартушылық Штаб жетекшісінің кезекті кездесуі Кентау қаласында өтті.
Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен өткен мақсатты жиынға облыстық ақпараттық — ағарту штабының жетекшісі Ерұлан Тұңғышбаев, сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары Б.Әлімбетов, әкімдік қызметкерлері мен коммуналдық кәсіпорын мамандары қатысты.
Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жиында штаб жетекшісі Ерұлан Икрамұлы қоғам індетімен күрес шараларын күшейтумен қатар оның алдын алу жолдарының маңызды бағыттарды түсіндіріп, жемқорлық көріністеріне жол бермеу керектігін айтып, әлеуметтік дертпен бірге күресу жүргізуге шақырды.
Сондай-ақ, Агенттік жұмысының ашықтығы мен тиімділігін түсіндіріп, тұрмыстық жемқорлықты жоюда азаматтық белсенділік танытудың маңыздылығына айрықша атап өтті.
Кездесу соңында тұрмыстық жемқорлықтың алдын алу және адал қоғамды бірге құру бойынша ұсыныстар айтылды.