ТҮРКІСТАН: ПАРАСАТЫ БИІК ТҰЛҒА — ХАЛҚЫНА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ
Парасаттылық — адам өмірінде мәдениеттілік пен көрегенділік сипатына ие. Адамның көңілі таза, пейілі кең, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған ақпараттық — ағартушылық Штаб жетекшісінің кезекті кездесуі Түркістан облысының туризм басқармасында өтті.
Туризм саласының мамандарымен өткен мақсатты жиында облыстық ақпараттық — ағарту штабының жетекшісі Ерұлан Тұңғышбаев, Агенттік жұмысының ашықтығы мен тиімділігін түсіндіріп, тұрмыстық жемқорлықты жоюда азаматтық белсенділік танытудың маңыздылығына айрықша атап өтті.
Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жиында Ерұлан Икрамұлы қоғам індетімен күрес шараларын күшейтумен қатар оның алдын алу жолдарының маңызды бағыттарды түсіндіріп, жемқорлық көріністеріне жол бермеу керектігін айтып, әлеуметтік дертпен бірге күресу жүргізуге шақырды.
Шара соңында тақырыптық бағыттағы бейнеролик көрсетіліп, тұрмыстық жемқорлықтың алдын алу және адал қоғамды бірге құру бойынша ұсыныстар айтылды.