ТҮРКІСТАН: «РИЗАШЫЛЫҚ – МЕЙІРІМДІЛІК БҰЛАҒЫ» АТТЫ ШАРАСЫ ӨТТІ

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі Алғыс айту күніне орай «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» атты жалпыұлттық мәдени-білім беру шарасын өткізді. Жобаның мақсаты — әртүрлі халықтардың мәдени дәстүрлерін зерттеу, насихаттау арқылы балалардың бойында зияткерлікпен бірге рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту.
Атап өтейік, жоба аясында республиканың барлық мектептерінде, балалар үйлерінде және басқа да білім беру ұйымдарында «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» тақырыбында түрлі мерекелік іс-шаралар, танымал тұлғалармен, ардагерлермен кездесулер, жылжымалы көрмелер, байқаулар өткізілді.
Жоба — балаларға, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар бойына мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін сіңіруге бағытталды. Бұдан бөлек, іс-шаралар аудандық (қалалық), облыстық деңгейлерде өткізіліп, Түркістан облысында да жалғасын тапты.
Шымкент қаласында 2020 жылғы 25-26 ақпан аралығында Түркістан облысындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың республикалық дебаттық турнирі өтті. Ал 29 ақпан – 1 наурыз аралығында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында «Қазақстан – менің алтын бесігім» республикалық балалар фестивалі өткізілді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен құнды сыйлықтар, жетекшілеріне – алғыс хаттар берілді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.