ТҮРКІСТАН: САХНАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМДАР АРҚЫЛЫ АДАЛ ІСКЕ ШАҚЫРУ

«9 — желтоқсан Халақаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай Түркістан өңірінде облыстағы барлық кәсіби және халық театрларында қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған сахналық қойылымдар өтті.

Жаппай сахналық қойылымдар  Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Шараның негізгі мақсаты — жемқорлықтың теріс салдарларын адалдық құндылықтары арқылы жеткізу, әлеуметтік дертке қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру, қоғам індетінің деңгейін төмендету.

Айтулы күн қарсаңында өткен сахналық қойылымға көрермен ретінде қала/ауданда қызмет ететін құқық қорғау, мемлекеттік және бюджеттік сала мамандары да қатысты.

Театрлық көрініске куә болған көрермендер арасында сахналық қойылымдар арқылы қазіргі таңда қоғамда белең алып тұрған мәселелердің бірі — сыбайлас жемқорлық кеселінің бейнеленгенін, оның қоғамға жат нәрсе екені көңілге терең ой салғанын айтып жеткізді.

Ал көрермендердің бірі сахналық көрініс барысында адамдық пен адалдықтың, парақорлар мен жемқорлардың шынайы бейнесі айқындалғанын жеткізді.

Сондай-ақ, көріністе әділдік жеңіске жетіп, барлық мәселе ақшамен шешілмейтінін, адамның ең басты құндылықтарының бірі – адалдық, адамгершілік суреттелгенін айқын көрініс тапқанын айтты.

Айта кетсек, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы театрландырылған көріністер және басқа да шаралар тұрақты түрде өткізілетін болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.