ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА АЙЫНА 2 МЛН. ДАНА БЕТПЕРДЕ ӨНДІРЕТІН ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Медициналық бетперде өндіру жобасын «S MEDICAL» ЖШС іске асыруда. Өндіріске қажетті станоктар Қытай елінен сатып алынған. Серіктестік директоры Мәжит Мәуленовтың айтуынша, цех айына 2 млн дана бетперде өндіруге қауқарлы.
Жоба құны 80,4 млн. теңгені құрайды. 30 адамға жаңа жұмыс орны құрылып, қазіргі таңда тәулігіне 80 мың дана бетперде әзірленуде.
«Бұл үлкен жоба аясында бір реттік медициналық-хирургиялық жабдықтарды өндіру жоспарланған. Алайда, кешегі коронавирус пандемиясының бірінші толқында қарапайым масканы табудың өзі қиынға соқты. Сондықтан ең әуелі маска шығаруды қолға алдық», – дейді кәсіпкер.