ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Сайрам аудандық кәсіпкерлік бөлімінің 24 сәуір күнгі мәліметіне сәйкес, әлеуметтік маңызы бар 32 азық-түлік тауар түрі бойынша 12906 тонна қор бар. Аудан халқының бір айлық қажеттілігі 8605,4 тоннаны құраса, бұл дегеніміз аудандағы азық-түлік қоры 1,5 айға жетеді деген сөз. Оның ішінде: өндірушілердің қоры 318,0 тонна, қоймадағы қоры 2465,0, сауда нысандарындағы қоры 259,4 тоннаны құрайды.
Ауданымызда 8 ірі көтерме сауда орталықтары атап айтсақ, «Ақ маржан», «Иман», «Әділ» және тағы басқа азық-түлік дүкендерін және аудан тұрғындарын толық қамтамасыз етіп отыр. Оның ішінен «Иман» және «ARZAN MARKET» көтерме сауда орындары карантин кезінде тапсырысқа сай жеткізу қызметін көрсетуде.
Ет және сүтпен айналысатын шаруаларды мал азығымен жеке кәсіпкер М.Әбдіқадыровтың Ақсукент ауылында тәулігіне 250 тонна құрама жем шығаратын зауыты іске қосылып, толық қамтамасыз етуде. Өндіріс орны толықтай түрік технологиясымен жабдықталып, барлығы автоматтандырылған жүйемен жұмыс істеуде.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.