ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ЖОСПАРҒА САЙ ЖӨНДЕЛУДЕ

Түркістан облысы, Сайрам ауданының орталығы Ақсукент пен Қарамұрт елді мекенін жалғайтын облыстық маңызы бар автобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары іске асырылуда. Жолдың жалпы ұзындығы 22,5 шақырымды құрайды. Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін 14 шақырымына 2 қабат асфальтбетон жабыны салынады. Қазіргі таңда соның тең жартысында тиісті жұмыстар аяқталған.

 

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «Корпорация Сити Строй» ЖШС-і тарапынан нысанның жөндеу жұмыстарына 10 техника және 50 жұмысшы күші тартылған. Сайрам ауданының екі елді мекен тұрғындары арасында облыстық маңызы бар қатынас жолы келесі жылы толықтай пайдалануға берілмек.

 

 Сондай-ақ, «Түркістан облысында 2020-2021 жылдарға ауыр салмақты жүк көліктерінің қозғалысын шектеуге қатысты іс-шаралар жоспары» бекітілген. Соған сәйкес, Арыс қаласындағы облыстық маңызы бар                   КХ-8 «Өзбекстан Республикасының шекарасы-Шардара-Арыс-Темірлан-             М-32» автомобиль жолының бойында «Оңтүстік жолдары» МКК-ның мамандары мен Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспециясы, Арыс қаласының Полиция барқармасы, Түркістан облысының қаржы полициясы қызметкерлерімен  бірге бірлескен рейдтік іс-шаралары өткізілді. Нәтижесінде, шамадан тыс жүк артқан жүк көліктеріне әкімшілік хаттамалар түзілген. Рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.