ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА 5 ЕЛДІМЕКЕНГЕ ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы Сайрам ауданындағы 42 елдімекеннің 26-сы табиғи газбен қамтылған. Бүгін тағы бес елдімекенге көгілдір отын берілді. Енді Қасымбек датқа, Әсіларық, Ошақты, Оразалиев, Теспе ауылдарының тұрғындары газ пайдалануға мүмкіндік алды.
Аудан әкімдігі мен «Интергаз Орталық Азия» АҚ Шымкент филиалы арасында 7,9 млн.теңгеге газ жүйелеріне техникалық қызмет көрсету үшін келісім-шарт түзілді. Жыл соңында елдімекендерді табиғи газбен қамту көрсеткішін 74%-ға жеткізу көзделуде. Жоспар бойынша 2025 жылға дейін бұл көрсеткіш 100%-ға жетеді.
Сондай-ақ, аудандағы 10-ға жуық елдімекенді газдандыруға облыстық бюджеттен 1,1 млрд.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Құтарыс, Қызылжар, Таскешу, Ақсуабад, Тоған, Оймауыт пен Ақарыс, Сарыарық, Көлкент ауылдарына газ құбырын тарту жұмыстары 2022-2023 жылдарға өтпелі.