ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ СПОРТ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде спортты дамытуға, спорттық инфрақұрылымның балаларға барынша қолжетімділігін қамтамасыз етуге көңіл бөлінуде. Осы бағытта Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылдық округінде заманауи спорт алаңшасы бой көтерді. Аталған спорт алаңшасына аудан әкімі Мұхит Отаршиев арнайы барып, ашылу салтанатына қатысты.
– Бұл – мемлекетіміздің ел келешегін, ұрпақ болашағын қамдастырып отырған салиқалы саясатының жарқын көрінісі. Тәуелсіз Отанымыздың тұғырлы, ғұмырлы болуы – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Бүгінгі пайдалануға беріліп отырған алаңша спортты сүйетін қалың жұртшылықтың, әсіресе, жастардың қымбатты ордасына айналсын! Келешекте республикамыздың намысын қорғайтын Азия, Әлем, Олимпиада чемпиондары шықсын! – деді аудан басшысы.
Айта кетсек, аталған спорт алаңшасы аудандық бюджет есебінен салынды. Жалпы ауданы 0,30 гектарды құрайтын спорт алаңшасында футбол алаңы, автотұрақ, сонымен қатар Workout-пен (жаттығу алаңшасымен) жабдықталған. Мұнда жақын маңда тұратын балалар волейбол, футболдан сайысып, қосымша спорт түрлерімен де айналысатын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.