ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Аудан әкімінің тапсырмасымен аумақтағы жаңадан құрылысы жүріп жатқан жолдардың сапасы бақылануда. Жол құрылыстарының сапасын анықтау мақсатында аудандық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Түркістан облысы бойынша филиалы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Олар Сарыағаштағы Ә.Омаров, Алтын төбе, Кеме қалған, Байбосын ата, Т.Әубәкіров, Қ.Бердібеков және Жібек жолы ауылдық округіндегі Өркен, Қабланбек ауылдық округіндегі Бірлік, Самал, Ш.Уәлиханов, Жастар, М.Мәметова, Ырысты, Арай көшелеріндегі жол құрылыстарына мониторингтік бақылау жасады.
Бақылау барысында көшелерге төселген асфальт жамылғысының құрамын, тығыздығы мен қалыңдығын анықтау мақсатында асфальт жамылғысынан кесінді алынып, зертханалық тексеруге жіберді. Алдағы уақытта ауданға қарасты барлық жол құрылыстары бақылауға алынып, жылжымалы жол зертханалық көліктері және арнайы құралдар арқылы мониторинг жұмыстары жүйелі түрде жүргізілмек.
Айта кетсек, биыл қала аумағында жол жөндеу жұмыстары қарқынды. Жоспарға сәйкес Сарыағаш қаласында 42 көшеге жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде, олардың бірқатары ел игілігіне берілді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі