Түркістан: Сауда орындарындағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларына қоғамдық мониторинг жүргізілді
Бүгін «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері Түркістан қаласы аумағында орналасқан ірі сауда орындарына әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағаларына қоғамдық мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг барысында біршама өсімдер байқалып, аталған өсімдер бойынша Түркістан қаласының «Бизнесті қолдау және туризм» бөлімімен 12 сәуір 2004 жылғы № 544 ҚР «Сауда қызметін реттеу» Заңының 8 бап 7 тармағына сәйкес, бөлшек сауда қызметін атқарып отырған ішкі сауда субьектісі әлеуметтік азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейтіндігі жөнінде жазбаша түрде және жобалық кеңсе менеджерлерімен түсіндірме жұмыстары қайтадан жүргізілді.