ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КӨПСАЛАЛЫ СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Сауран ауданы, Оранғай ауылында заманауи көпфункционалды спорт кешені ашылды. Спорттық нысанның жалпы аумағы 1800 шаршы метрді құрайды. Спорт кешенде кіші футбол, волейбол, баскетбол және теннис алаңдары, күрес кілемі, бокс рингі және екі жолақты жүгіру жолдары орналастырылған. Жалпы кешен барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.
«Мықты және дені сау жас ұрпақты тәрбиелеу — еліміздің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі. Біздің ауданда жаңа спорт ғимараттары мен кешендердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Салауатты өмір салтын насихаттау бастамасын қолдаймыз», — деді Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков ғимараттың ашылу салтанатында.
Ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жанкүйерлердің жылжымалы трибуналары да орнатылған. Айта кетейік, ғимарат құрылтайшысы — «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. Бұған дейін Түркістан облысында бұқаралық спортты дамыту үшін аталған қор балаларға арналған 5 әмбебап спорт алаңын орнатқан.
Спорт кешенде еркін күрестен және кіші футболдан ашық біріншілік өтті. Білікті жаттықтырушы Аханов Дәулетбек Советұлын еске алуға арналған алғашқы жарыс жастар арасында өрбіді.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.