ТҮРКІСТАН: СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНАЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері мен «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері және арнайы мониторингтік топ мүшелері студенттердің өмір сапасын жақсарту үшін жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жатақханаларына тұрақты негізде мониторинг жұмыстарын жүргізуде.

Мониторинг жұмыстары Түркістан қаласында орналасқан Түркістан көпсалалы индустриялды- техникалық колледжінің және Түркістан жоғары медицина колледжінің, сондай-ақ Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің жанынан құрылған Яссы колледждерінің студенттік жатақханаларының жағдайын тексерумен басталды.

Бақылау жұмыстарының нәтижесінде, жатақханаларда түрлі кемшіліктер, атап айтсақ санитарлық нормалардың сақталмауы, жылу құбырларының жарылуы, жатақханалардағы бөлмелердің шамадан тыс жүктелуі анықталды.

Мәселен, Түркістан көпсалалы индустриялды- техникалық колледжі жатақханасының жылу құбырлары жарылуына байланысты 1-курс студенттері дәстүрлі емес, әлі күнге дейін қашықтықтан оқуға мәжбүр болғандығы белгілі болды.

Ал, Түркістан жоғары медицина колледжінің жатақханасында санитарлық нормалар сақталмай, 4 бала бір бөлмеге орналастырылғандығы мәлім болды.

Мониторинг барысында анықталған кемшіліктерге АКТ толтырылып, осы кемшіліктер бойынша адами әлеуетті дамыту басқармасына студенттік жатақханалармен жұмыс жүргізу ұсынылды.

Айта кетсек, Түркістан облысының қала/адандарында орналасқан студенттік жатақханаларға мониторинг жұмыстарын жүргізу жүйелі түрде өз жалғасын табатын болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.