ТҮРКІСТАН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ПАРАСАТТЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында бүгінгі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі халықпен кері байланыс орнату арқылы ашықтық пен адалдық құндылықтарын кең көлемде дәріптеу жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Осы орайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб төрайымы Ырза Тұрсынзада мен Агенттіктің Парасаттылық департаментінің басшысы Ғанижан Асанұлы Түркістан өңіріне арнайы келіп, бірқатар ұжымдар мен өңір тұрғындарымен кездесу өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кезекті кездесу облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымымен өткізіліп, мемлекеттің бәсекелестік қабілетін бәсеңдететін қауіпті індетке жол бермеу мәселелері ортаға салынды.

Кездесу барысында ел ішімен етене араласып, халық үніне құлақ түруді көздеген республикалық Штабтың төрайымы Ырза Тұрсынзада адалдық пен әділдік — қоғамда ашықтықты қалыптастыруға негіз болатын құнды қасиет екенін жіті түсіндіріп, атадан қалған асыл құндылықтарды дәріптеу арқылы жаһандық кеселдің алдын алу – бүгінгі күні мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, бармақ басты, көз қысты әрекеттердің жолын кесу мақсатында Агенттіктің тарапынан атқарылып жатқан ауқымды жобаларға тоқталған Ғанижан Асанұлы ағымдағы жылдың 6 қазаны күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізілген жаңашылдықтарды таныстырып, бұдан былай азаматтық кодексте мемлекеттік қызметшілерге кез келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынғаны туралы ақпарат берді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.