ТҮРКІСТАН: ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы теміржол вокзалы алдындағы аллеяны абаттандыру жұмыстары басталып кетті. Абаттандыру жұмыстарының барысында аяқжол төсеу, жарық көздерін және орындықтар мен қоқыс жәшігін орнату, кіші архитектуралық пішіндер қою жоспарлануда. Сонымен қатар, су ұңғымасы қазылып, декоративті ағаш көшеттері отырғызылып,  шым төселетін болады.
Алдағы уақытта, теміржол вокзалының ішкі жүйесі де заманауи талапқа сәйкестендіріледі. Қалаға келген туристер үшін ақпарат алу бекеті (ресепшн) сынды жүйелер қойылады деп күтілуде.
Айта кетейік, күрделі жөндеуден өткен аллея Наурыз мерекесі қарсаңында пайдалануға беріледі деп  жоспарланып отыр.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.