ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕГІ СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданы, Леңгір қаласында бой көтерген заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Мемлекеттік жекешілік әріптестік аясында салынған жаңа орталықта спортшыларымен жүздескен аймақ басшысы жергілікті жұртшылықтың  бұқаралық спортқа көптеп тартылуын құптайтынын жеткізді.

«Облыс аумағында мемлекеттік жекешілік әріптестік аясында жаңа спорт кешендері көптеп салынуда. Осы арқылы спорттық  инфрақұрылымдар дамып келеді. Спортшыларға қарап өскелең ұрпақ үлгі алып, болашақта ел чемпиондарына ұқсағылары келеді. Әсіресе, ер бала үшін бұл өте маңызды. Жастардың бос уақыты болмау керек. Осы жолда оларға мүмкіндік жасау керек», – деді облыс басшысы Өмірзақ Естайұлы.

Жаңа спорттық-сауықтыру кешенінде  1400-ден аса жастар мен жасөспірімдер спорттың футбол, волейбол, баскетбол, бокс, үстел теннис, күрес түрлерінен кәсіби тұрғыда жаттыға алады. Бүгінде Төлеби  ауданында 364 спорт нысаны жұмыс істейді. Онда 35 мыңнан астам адам шынығады. 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.