ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІКТЕР «ГҮЛ СЫЙЛАЙЫҚ АНАҒА» МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Төлеби ауданында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған «Гүл сыйлайық анаға» атты мерекелік концерт өтті. Салтанатты жиынға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосқан білімді де білікті, жұмыспен қатар отбасына, бала тәрбиесіне үлгеріп жүрген арулар мен мемлекетіміздің өркендеуіне, атсалысып бүгінде зейнеткерлікке шыққан аналар қатысты.
Асыл жандарды шырайлы мерекемен аудан әкімі Төлеген Телғараев құттықтап, аналарға гүл шоқтарын табыс етті. Айтыскер ақын Жезмарал Байтуова аналарға шығармасын арнады. Аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
«Әйел-ана – отбасының берекесі, барша адамзаттың тәрбиешісі. Аналарсыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Көктем мерекесінде жүздеріңізге шаттық пен қуаныш, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге жеміс тілеймін. Мереке құтты болсын!», деді құттықтау сөзінде аудан басшысы.
Мерекелік іс-шарада аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ардақты аналар мен аяулы аруларға концерттік бағдарлама ұсынды.
Мереке қарсаңында аудан әкімі көпбалалы аналарға «Алтын алқалар» мен «Күміс алқаларды» тапсырды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.