ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 16 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Халқымызда «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын»-деген дана сөз бар. Ата-бабамыз айтқан қанатты сөзінде мал — жалған өмірдің байлығы, ал егілген ағаш сауапты іс екенін меңзеген. Биыл жылдағы дәстүрге сай Түлкібас ауданында көктемгі көгалдандыру, оның ішінде тал көшеттерін отырғызу жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда.
Ағымдағы жылдың көктем айларында ауылдық округ, кент әкімдіктері тарапынан елдімекендер аумағын көгалдандыру мақсатында 41,1 гектар жерге 16 мың 800 түп талшын, шырша, иінкі, арша, боз арша, шаған және қара ағаш көшеттері отырғызылған. Түлкібас ауданының климаты аталған ағаш түрлерін отырғызуға өте қолайлы. Сондықтан тез жерсінетін көшет түрлеріне басымдық беріліпті.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.