ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА СПОРТ НЫСАНДАРЫНЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Өткен жылы Түркістан облысы, Түлкібас ауданында бұқаралық спортты дамыту мақсатында жергілікті кәсіпкерлер тарапынан 5 спорттық нысан ашылып, ел игілігіне берілді. Оның ішінде үшеуі кәсіпкерлік нысан ретінде ашылса, екі нысан демеушілер есебінен ауыл тұрғындарына тарту етілді.
Атап айтсақ, Т.Рысқұлов ауылынан «Байқадам» футбол манежі, «Нур-Фари» фитнес клубы мен күрес залы, Балықты ауылындағы «Форсе фит» фитнес клубы кәсіпкерлік нысан ретінде ашылып, тұрғындардың сүйікті орындарына айналып үлгерді.
Жомарт жанды азаматтар тарапынан Қожамберді және Шақпақ-баба ауылдарында жасанды кіші футбол алаңы ашылып, ауыл тұрғындарына тарту етілді. Сонымен қатар М.Жәрімбетов ауылында жеке кәсіпкер есебінен футбол манежі, жүзу бассейні және жаттығу залының құрылысы жүріп жатыр. Саладағы игі істер нәтижесінде қазіргі таңда ауданда тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар саны 34,7 %-ға жетті.