ТҮРКІСТАН: «ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ» ҚАРСАҢЫНДА 40 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Түркістан облысы Шардара ауданында «Тұңғыш Президент күні» мерекесінің қарсаңында 40 отбасы баспаналы болды. Мерекелік шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбай арнайы қатысып, үй иелерін қуаныштарымен құттықтады.
«Өз үйің өлең төсегің деген ұлағатты сөз бар халқымызда. Тағатсыздана күтіп, өз баспаналарыңызды кілтін алып, құтты қадам жасағалы отырсыздар! Мемлекет тарапынан қолға алынған «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынған тұрғын үй кешені әрқашан игіліктеріңізге жарап, берекелі шаңыраққа айнала берсін. Сіздерді баспаналы болуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын»- деді аудан әкімі.
Төрт қабаттан тұратын үйдегі пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы аналарға, І-ІІ топ мүгедектігі бар азаматтарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, бюджеттік мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлерге және аз қамтылған отбасыларға берілді.
Айта кетейік, биыл аудандағы тұрғын үй құрылысының жұмыстары өткен жылмен салыстырғанда 51 пайызға арта түскен.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.