ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА ТУРАЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрлыған облыстық үгіт-насихаттық Штаб төрағасының ағартушылық бағыттағы кезекті кездесуі Кентау қаласына қарасты Иассы ауылдық округінің тұрғындар арасында өтті.

Келелі кездесудің негізгі мақсаты — ақпараттық түсіндіру ұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Ар тазалығы мен адамдықтың биік шыңы сөз болған жиынға ауыл тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, мектеп және амбулатория ұжымының қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында Ерұлан Тұңғышбаев ата-бабадан аманат болып қалған адалдық қағидатын қадір тұту қажеттігін және қоғамның әділ әрі белсенді азаматы болуға үндеп, пайдакүнемдіктен туындайтын парақорлықтың қазақ қоғамына тигізер залалын жіліктеп жеткізді.

Үгіт-насихат жұмыстарының соңында ауыл тұрғындарын алаңдатқан мәселелерге құлақ түріп, тақырып аясында қойылған бірқатар сауалдарға нақты жауаптар берілді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.