ТҮРКІСТАН: ҮГІТ-НАСИХАТ ШТАБ ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Парасаттылық — адам өмірінде мәдениеттілік пен көрегенділік сипатына ие құнды қасиет. Адамның көңілі таза, пейілі кең, шыншыл болғанда ғана қоғамда әділдік пен адалдық орнайды.
Осыған орай, бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған ақпараттық — ағартушылық Штаб жетекшісінің кезекті кездесуі Ордабасы ауданында өтті.

Мақсатты жиынға аудандық кірістер, ішкі істер, медицина қызметкерлері жәнк үкіметтік емес ұйымдар мен аудандық Штаб мүшелері қатысты.

Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жиында штаб жетекшісі Ерұлан Тұңғышбаев қоғам індетімен күрес шараларын күшейтумен қатар оның алдын алу жолдарының маңызды бағыттарды түсіндіріп, жемқорлық көріністеріне жол бермеу керектігін айтып, әлеуметтік дертпен бірге күресу жүргізуге шақырды.

Сондай-ақ, Агенттік жұмысының ашықтығы мен тиімділігін түсіндіріп, тұрмыстық жемқорлықты жоюда азаматтық белсенділік танытудың маңыздылығына айрықша атап өтті.

Кездесу соңында тұрмыстық жемқорлықтың алдын алу және адал қоғамды бірге құру бойынша ұсыныстар айтылды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.